Шымкент қаласы білім басқармасының
«№№93 В.Терешкова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(7252) 54-70-57
(8771) 795-89-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2021

Қамқоршылық кеңес хаттама № 1


Шымкент қаласы  білім басқармасының

«В.Терешкова атындағы №93

жалпы орта білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесі


Коммунальное государственное

учреждение

«Общеобразовательная средняя школа     № 93 имени В.Терешковой»

управления образования города Шымкент


                                                                           

Хаттама № 1

 2021 жылғы 25 тамыз 

Шымкент қаласы

Қатысқандар :

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Матжанова

Қамқоршылық кеңестің мүшелері  Д. Акаева, Р. Сатыбалдиева, 

 Н. Айнабекова, А. Алабина, Е. Барабаш,  А.Махашева. 


Күн тәртібінде: 

  1. «Жалпыға міндетті білім қорынан» 2021 жылдың тамыз айында мектептегі білім алушылардың жекелеген санаттарына сәйкес қаржылай көмекпен қамтамасыз етілуі

2. 2020-2021 оқу жылының негізгі қорытындылары

3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру, бекітуге ұсыну

4. Әртүрлі мәселелер


Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы А.Матжанова сөз алып, «Жалпыға міндетті білім қорынан» қаржылай көмекпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға 2021 жылдың тамыз айында 8 070 000  (сегіз миллион жетпіс мың)  теңге және 4 020 000  (төрт миллион жиырма мың) қаржы бөлінгенін, біздің «Қамқоршылық» кеңесі өз отырысында оқушылардың жағдайына қарай отырып, қаржылай көмекті кімге берілетінін  айтып өтті. 

«Қамқоршылық» кеңесінің орынбасары Д.Акаева сөз алып, «Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар мен әлеуметтік қорғансыз қалған оқушыларға бөлінген қаржы шығысынан қаржылай және материалдық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қаржылай көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін 2021 жылдың тамыз айында 269 оқушы     30 000 (отыз мың) теңге көлемінде 2021 жылдың тамыз айында 134 оқушы      30 000 (отыз мың) теңге көлемінде қаржылай көмекпен қамтамасыз етілсін деп айтты. 

Екінші мәселе бойынша Акаева Дильбара сөз алып білім алушылардың жекелеген санаттарына сәйкес жаз айларында 55 оқушының қала сыртындағы жазғы лагерлерге барып демалып келгендігін айтып өтті. 

Жаз айларында мектептің бастауыш сыныптар оқитын ғимаратында оқушылардың ыстық тамақ ішуіне 60 орындық буфет ашылды. Биылғы оқу жылында оқушылардың ыстық тамақ ішуіне қиындық туындамайтынын айтты. 

Келесі мәселе Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру бойынша кеңес мүшелері өз ойларын айтты. Дайындалған жоспарды бекітуді қамқоршылық хатшысы Ж.Омароваға тапсырды.  


Қаулы: 

  1. «Міндетті білім қорынан» тамыз айында отбасы жағдайы төмен 403 оқушының ата-аналарына Банк Центр Кредит банкінен шот аштыру арқылы  қаржы аударылсын.


             ҚК   төрайымы                           Матжанова А.

             Хатшы                                        Омарова Ж.


Похожие публикации:

18 октябрь 2019 ҰБТ жоспары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив