Қамқоршылық кеңес хаттама № 2
Шымкент қаласы білім басқармасының «В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная средняя школа № 93 имени В.Терешковой» управления образования города Шымкент |
Хаттама №2
2021 жылғы 12 қазан
Шымкент қаласы
Қатысқандар :
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Матжанова
Мектеп директоры К.С.Ахметова
Қамқоршылық кеңестің мүшелері Д. Акаева, Р. Сатыбалдиева,
Н. Айнабекова, А. Алабина, Е. Барабаш, О. Жумабаев.
Күн тәртібінде:
- «Жалпыға міндетті білім қорынан» 2021 жылдың тамыз айында мектептегі білім алушылардың жекелеген санаттарына сәйкес қаржылай көмекпен қамтамасыз етілуі
- «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету.
3. Ыстық тамаққа мұқтаж оқушылардың тізімін талқылап бекіту.
4. Әртүрлі мәселелер
Тыңдалды:
- Қамқоршылық кеңес төрайымы А. Матжанова сөз алды. Өз сөзінде қатысушыларға «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» тамыз айында 403 оқушының 30000 (отыз мың) теңгеден қаржы бөлінгенін айтты.
- «Мектепке жол» акциясы аясында «Бибісара ана» мешітінің жамағаты демеушілік етіп 11 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмке және 2 оқушыны толық жылы киімдермен қамтамасыз етті. Осыған байланысты әлеуметтік педагог Г.Әбжан төмендегі оқушылардың тізімін ұсынды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бір ауыздан ұсынған оқушылардың тізімін қабылдады.
- Үсен Бейбарыс 1 сынып(оқу құралдары)
- Азизберген Гулсезім 5 сынып (оқу құралдары)
- Нияз Ақбаян 3ә сынып (оқу құралдары)
- Ақполат Еркебұлан 4ә сынып (оқу құралдары)
- Тургинбаев Диас 5а сынып (оқу құралдары)
- Рахматулла Аюбхан 2ә сынып (оқу құралдары)
- Сералы Қарақат 5 сынып (оқу құралдары)
- Анарбай Мейіржан 3 сынып (оқу құралдары)
- Сейтжаббар Нұрсая 4 сынып (оқу құралдары)
- Ақполат Нұрбақыт 6 сынып (киімдер)
- Ақполат Мадияр 3сынып (киімдер)
- Бірінші мәселе бойынша «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы А.Матжанова өз сөз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер ендіру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 «Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар мен әлеуметтік қорғансыз қалған оқушыларға бөлінген қаржы шығысынан қаржылай және материалдық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысын орындау негізінде, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының 27 бабы, 2 тармағы 6-тармақшасын басшылыққа ала отырып, ыстық тамақ ұйымдастыруға «Міндетті білім қорынан» 15.10.2021-29.12.2021 жыл аралығында Республикалық бюджеттен - 244 оқушыға, жергілікті бюджеттен - 166 оқушыға қарастырылған қаржы туралы сілтемесіне мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан 410 оқушыға күндігіне тамақ құны 458,98 теңгеден бөлінгенін, жалпы 5 күндікпен 410 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігінін айтып өтті. А.Матжанова барлық құжаттармен таныстырып өтті.
Қаулы:
- «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен берілген күздік киімдер мен аяқ киімдерді және мектепке керекті кеңсе заттары әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға үлестіріп берілсін.
- АӘК алатын отбасынан шыққан, тұл жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасыдан шыққан 410 оқушының құжаттары жинақталып тізімі жасалсын. 15 қазан 2021 жылы күнінен бастап мектеп буфетінде ыстық тамақ берілсін.
- Қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан ыстық тамақтың сапасы қадағалансын.
ҚК төрайымы Матжанова А.
Хатшы Омарова Ж.