10
ноябрь
2025
Кітап оқитын педагог, кітап оқитын оқушы, кітап оқитын ұлт.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын педагог» атты талқылау отырысы өтті.В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бірлескен мамандар» кафедрасының ұйымдастыруымен, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобалары аясында ұстаздар арасында «Кітап оқитын педагог» атты танымдық-талқылау іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның мақсаты – педагогтардың кәсіби және рухани дамуын қолдау, кітап оқу арқылы шығармашылық ойлауын жетілдіру және оқу мәдениетін қалыптастыру.Шара барысында мұғалімдерге арналған 10 таңдаулы кітап тізімі ұсынылып, сол кітаптар бойынша пікірталас пен талқылау жұмыстары жүргізілді. Әр ұстаз өзіне ұнаған шығарманы таныстырып, одан алған әсері мен ой түйінін ортаға салды.Талқылау қызықты форматта өтті: қатысушылар арасында «Кім тапқыр оқырман?», «Дәйексөзден авторды тап», «Кітап кейіпкерін сипатта» сияқты ойын түріндегі тапсырмалар ұйымдастырылып, педагогтардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырды.Мұндай шаралар ұстаздардың оқу мәдениетін дамытып қана қоймай, олардың оқушыларға үлгі болуына және кітап арқылы ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етті. Кітап оқитын педагог – білімді ұрпақ кепілі!



