10
ноябрь
2025
Салауатты өмір салты - баланың денсаулық кепілі!
«Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» атты аула футболынан сайыс өтті! 19 қазан 2025 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарына сай оқушылар арасында «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» атты көңілді эстафета сайысы өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, сондай-ақ достық, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігер рухын қалыптастыру болды.Эстафета барысында қатысушылар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, ептілік, жылдамдық, төзімділік және бірлік дағдыларын көрсетті. Әр команда өзара ынтымақ пен қолдаудың жоғары үлгісін танытты. Көрермендер сайысты қызыға тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді.Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтына деген оң көзқарасты қалыптастырып, денсаулық пен белсенді өмірдің маңызын түсінуге ықпал етеді. «Салауатты ұлт – мықты елдің кепілі!» деген ұран аясында өткен бұл шара лицей өміріндегі маңызды тәрбиелік мәні зор оқиғалардың бірі болды.

