14
март
2023
Мектепаралық желілік қоғамдастық туралы.
Мұғалімнің кәсіби шеберлін, біліктілігін арттыру, құзыреттілігін дамыту, сапалы сабақ беру дағдысын қалыптастыру - өте қажет жұмыс. Осы орайда, мектепаралық желілік қоғамдастық жақсы нәтиже береді. Себебі, семинар берген мұғалімде, қатысушы мұғалімде сабаққа жаңаша қайта дайындалып, барлық тәжірибесін қолданып, жақсы жағын көрсетеді. Жақсы жағын көрсету дағдыға айланады. Одан мұғалім де, оқушы да ұтады. Әрине, семинарлар түрлі сапада өтетіні рас. Алайда, педагогтер өте жауапкершілікпен қарап, жақсы семинарлар ұйымдастырып жатқаны да рас. Үйренуден жалықпайық, құрметті әріптестер.
