Шымкент қаласы білім басқармасының
«№№93 В.Терешкова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(7252) 54-70-57
(8771) 795-89-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2023

Мектеп тарихынан.

Шымкен қаласы білім басқармасына қарасты 
В. Терешкова атындағы № 93 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы
         Бұрынғы ОҚО, Сайрам ауданына қарасты Жеміс-жидек ауылының Бадам өзенінің жағасында 1951 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. 
Мұғалім саны – 2, оқушы -30.
         1953 жылы Бадам өзенінің арнасынан тасып кетуіне байланысты, мектеп ауыл почтасының ғимаратына көшірілген.
Мұғалім саны – 4, оқушы саны -50-ге жетті.
         1958 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшті. 
         1964-1966 жылдар аралығында ең алғашқы мектеп директоры болып Нахипов Мустафа тайындалған. Мектеп № 42 «Госплодпитомник» деген атаумен алты жылдық болып қайта құрылды. 
Мұғалімдер саны – 12.
         1966-1971 жылдар мектеп директоры болыпорыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Когай Роза Александровна тағайындалды. Осы жылдары мектепке В. Терешкова атындағы атауы беріліп, №42 В. Терешкова атындағы мектеп болып жаңғырды.
         1971-1976 жылдары бастауыш мектептен №42 В. Терешкова атындағы орталау мектеп болып өзгерді.
Мұғалім саны – 12, оқушы саны- 175.
         1987-1998 жылдары мектепті Жұманов Сапар Қарабайұлы басқарды. Сапар Қарабайұлының бастамасымен № 42 В. Терешкова атындағы орталау мектеп № 86 В. Терешкова атындағы орта мектеп статусын алды. Әр оқу жылында оқушы санының артуына байланысты «Шымкент құс» ЖШС-нің демеушілігімен екі қабатты ғимарат пайдалануға берілді. 
         2010-2011 жылы ҰБТ-дан бітіруші түлектер (94,6%), мектеп Сайрам ауданы бойынша екінші орынға көтерілді. 
         2011-2014 оқу  жылдары мектеп директоры болып Ибрагимов Бахит Алимханович қызмет атқарды. Бахит Алимханұлы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға себепші болды. 2014 жылы № 86 В. Терешкова атындағы орта мектебі, Сайрам ауданынан ОҚО, Шымкент қаласы білім басқармасына ауысып, В.Терешкова атындағы № 93 жалпы орта мектебі болып ауысты. 2019 жылы В.Терешкова атындағы № 93 жалпы орта мектебі,
В.Терешкова атындағы № 93 жалпы орта білім беретін мектебі болып өзгерді.
         В. Терешкова атындағы № 93 жалпы орта білім беретін мектебі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңаталап тұрғын үй алабы, ғимарат           56 үйде орналасқан. 
         Мектеп жалпы орта білім береді. Қуаттылығы - 470 адам. Оқу екі ауысымда ұйымдастырылған.
         Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі
  • 2022-2023 оқу жылындағы оқушылар саны – 976.
  • Сынып-комплект саны – 52.
Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы:
  • Жалпы мұғалім саны – 112.
  • Жоғары санатты мұғалім – 5.
  • Зерттеуші-педагог – 48.
  • Бірінші санатты мұғалім – 4.
  • Сарапшы-педагог – 29.
  • Екінші санатты – 6.
  • Модератор-педагог – 7.
  • Магистрлар – 8.
  • Санатсыз мұғалім – 5.
31 сынып оқу кабинеттері бар. 
Оның ішінде:
  • Химия зертханасы – 1.
  • Физика зертханасы – 1.
  • Биология зертханасы – 1.
  • Информатика кабинеті – 1.
  • Мультимедия кабинеті – 1.
  • Тарих кабинеті – 1.
  • География кабинеті – 1.
  • Математика кабинеті – 1.
  • Өзін-өзі тану кабинеті – 1.
  • Абайтану кабинеті – 1.
  • Алғашқы әскери кабинеті – 1.
  • Ағылшын тілі кабинеті – 1.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті – 1.
  • Орыс тілі мен әдебиеті кабинеті – 1.
  • Бастуыш сынып кабинеттері – 11.
  • Жалпы оқу кабинеттері – 5.
  • Спортзал – 1.
  • Мәжіліс залы – 1.
  • Асхана – 2.
  • Медициналық кабинет – 1.
Барлық кабинеттер толық заманауи жабдықталған.

Похожие публикации:

07 декабрь 2022 TED-х
05 апрель 2022 Хаттама № 3
18 октябрь 2019 ҰБТ жоспары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив