Шымкент қаласы білім басқармасының
«№№93 В.Терешкова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(7252) 54-70-57
(8771) 795-89-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2022

Хаттама № 3


Шымкент қаласы  білім басқармасының

«В.Терешкова атындағы №93

жалпы орта білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесі


Коммунальное государственное

учреждение

«Общеобразовательная средняя школа     № 93 имени В.Терешковой»

управления образования города Шымкент


                                                                           

Хаттама № 3

 2021 жылғы 25  желтоқсан

Шымкент қаласы

Қатысқандар :

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Матжанова

Мектеп директоры К.С.Ахметова

Қамқоршылық кеңестің мүшелері  Д. Акаева, Р. Сатыбалдиева, 

 Н. Айнабекова, А. Алабина, Е. Барабаш,  А.Джумакулова, А.Махашева. 

Күн тәртібінде: 

  1. 2021-2022 оқу жылының 2021-2022 оқу жылының І жарты жылында атқарылған жұмыстар бойынша есеп.
  2. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа жылдық шыршаға алып бару және мерекелік сыйлықтар ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушыларға қайрымдылық іс-шарасын ұйымдастыру.
  3. Мектептің материалдық базасын жақсарту үшін 2022 жылғы жоспарлармен таныстырды. 
  4. Әртүрлі мәселелер.
  5. Тыңдалды:

В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ахметова Куттыгыз Сейлбековна сөз алып, 2020-2021 оқу жылының  I жарты жылдық есебіне талдау жасады. 

      Биылғы оқу жылы – біздің мекеме үшін ерекше жыл. Мектепте   материалдық-техникалық базасына тоқталар болсам, лингофонды оқу, мультимедиялы оқу кабинеттер, сонымен бірге мәжіліс залы,  1 спорт зал, 

1 футбол алаңы, 1 баскетбол алаңы және 2 буфет білім алушылар үшін жабдықталған. Мекебімізге жаңа бейнекамералар орнатылды.  Асхана салынып ыстық тамақ ішуге балаларға жағдай жасалынды.

Биығы жылы мектебімізде   107 педагог жұмыс жасап жатыр.   Оның ішінде педагог модератор- 6, педагог сарапшы- 24, педагог зерттеуші-43, жоғары санатты-5, бірінші санатты-8, екінші санатты-8 педагог жұмыс жасауды.  Мұғалімдеріміз жыл сайынғы пәндік, жаңартылған курстардан өтіп, білімдерін жетілдіріп отыр. 

Мектебімізде жалпы оқушы саны-988, даярлық тобы-44 оқушы. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар -3, ерекше  балалар -8, үйде оқылатын оқушы саны-10, көп балалы отбасы-106, аз қамтылған отбасы -358 санын құрап тұр.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жарқыра, жайна жаңа жыл, Тәуелсіз қазақ елінде» тақырыбында Президент шыршасына мектебімізден 2 оқушы ( Буранова Райхона, Темірхан Аружан) қатысқалы отыр.

Абай аудандық әкімінің шыршасына мектебімізден Жарас Айгул, Теміртай Серікжан, Нияз Ақбаян қатысқалы отыр. 

Абай аудандық әкімшілігі үйде оқытылатын 10 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар беріп қуантпақшы. 

Тұранбет Әбілқайыр

Әлімханқызы Айша

Маден Нұрсерік

Сайпназаров Искандер

Қарлыбаев Орынбек

Абдирахман Алихан

Исмаилов Байрам

Акбарова Қызжибек

Тургунбаев Дияс

Әділбек Абдурахман

2022 жылы мектебіміздің ескі ғимараттарын жаңалап, басқа да жаңа кабинеттер алсақ деген жоспарымен де таныстырып өтті. 

Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз ұсыныстарын айта келе, мектеп директоры К.С.Ахметованың   жартыжылдық есебіне өз ойларын айтып, қанағаттанарлық деп есептеді. 

Шешімі: 

Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылының I жарты жылдығында    берілген жартыжылдық есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.         

Мектептегі   материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында 2022 жылға жоспарланған қаражаты игеріліп, тиімді жұмсалуын басшылыққа алынсын. 


ҚК  төрайымы                          Матжанова А.

Хатшы                                        Омарова Ж.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив