Шымкент қаласы білім басқармасының
«№№93 В.Терешкова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(7252) 54-70-57
(8771) 795-89-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2022

Хаттама № 4


Шымкент қаласы  білім басқармасының

«В.Терешкова атындағы №93

жалпы орта білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесі


Коммунальное государственное

учреждение

«Общеобразовательная средняя школа     №93 имени В.Терешковой»

управления образования города Шымкент


                                                                           

Хаттама №4

2021 жылғы 28 наурыз

Шымкент қаласы

Қатысқандар :

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Матжанова

Мектеп директоры К.С.Ахметова

Қамқоршылық кеңестің мүшелері  Д.Акаева, Р.Сатыбалдиева, 

 Н.Айнабекова, А.Алабина, Е.Барабаш,  А.Махашева. 

Күн тәртібінде: 

  1. Наурыз мерекесі қарсаңында аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу, түскен қаражатты аз қамтылған жанұяның балаларына көмек ретінде жұмсау. 

Оқушылар үшін саяхаттық бағдарлама ұйымдастыру. 

  1. Ата-аналар мен оқушылар үшін мектеп әкімшілігінің қамқоршылық кеңеспен бірлескен ашық есік күнін ұйымдастыру
  2. Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды: 

  1. Қамқоршылық кеңес төрайымы Матжанова Ахмарал мектепішілік іс-шарада Наурыз мерекесі қарсаңында  ата-аналар мен ұстаздарды, қамқоршылық кеңесі мүшелерін демеуші болуға шақырып, ұсыныс тасталғанын айтты. Осыған байланысты әлеуметтік педагог Г.Әбжан төмендегі оқушылардың тізімін ұсынған болатын. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бірауыздан ұсынған оқушылардың тізімін қабылдады. 

Мектеп жастары үйде оқытылатын тізімдегі 9 (тоғыз) оқушыға наурызға сыйлықтар берді. 

Әлімханқызы Айша

Маден Нұрсерік

Сайпназаров Искандер

Қарлыбаев Орынбек

Абдирахман Алихан

Исмаилов Байрам

Акбарова Қызжибек

Тургунбаев Дияс 

Тұранбет Әбілқайыр

Өзін-өзі тану бірлестігі «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізіп,  1 «Д» сынып оқушысы  Разаков Нурисламға аяқ киім мен көктем мезгіліне киетін жылы киімдер әперді. Ағылшын тілі мұғалімі Махмудов Отомурадтың ұйымдастыруымен  7 отбасына азық –түлік таратылды. 

Ата-аналар комитетінің төрайымы Д. Акаева ата-аналар арасынан да қайырымдылық жасап жатқандар бар екенін айта келе, наурыз мерекесіне орай ұлттық салт –дәстүрімізді дәріптеу мақсатында мектебімізде ұлттық нақыштағы киім кию ұсынылған болатын. Соған байланысты ата-ана (Жеке кәсіпкер)  Орынбай Нұргүл 1 «Ә» сыныбының он оқушысына, ата-ана Тайыр Гүлназ 3 «Д» сыныбының 5 оқушысына қазақи үлгідегі жакеттерді сыйға берді.  

А.Алабина мен Р.Сатыбалдиева ыстық тамақ мәселесі бойынша мектеппен тығыз байланыста болып, тамақтың сапасын да қадағалап отырғандарын айтып өтті. III тоқсаннан бастап 652 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.  1-4 сыныптар аралығындағы 398 оқушы түгел қамтылып отырғанын,                  5-11 сынып аралығында 254 аз қамтылған оқушылар ыстық тамақпен тамақтанып жүргенін айтып өтті. 


Қаулы: 

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан ыстық тамақтың сапасы қадағалансын.
  2. Келе жатқан ораза айында да қайырымдылық шаралары жалғастырылсын.
  3. IV тоқсанның соңында қала сыртындағы жазғы лагерлерге баратын оқушылар тізімін жинақтау әлеуметтік педагог Г.Әбжанға тапсырылсын. 


ҚК  төрайымы                          Матжанова А.

                          Хатшы                                          Омарова Ж.

Похожие публикации:

05 апрель 2022 Хаттама № 3
18 октябрь 2019 ҰБТ жоспары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив