Қамқоршылық кеңес Хаттама № 5
Шымкент қаласы білім басқармасының «В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная средняя школа № 93 имени В.Терешковой» управления образования города Шымкент |
Хаттама № 5
2022 жылғы 24 мамыр
Шымкент қаласы
Қатысқандар :
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Матжанова
Мектеп директоры К.С.Ахметова
Қамқоршылық кеңестің мүшелері Д. Акаева, Р. Сатыбалдиева,
Н. Айнабекова, А. Алабина, Е. Барабаш, А.Махашева, О.Жумабаев.
Күн тәртібінде:
- 2021-2022 оқу жылының 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша есеп.
- Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ахметова Куттыгыз Сейлбековна сөз алып, 2021-2022 оқу жылының жылдық есебіне талдау жасады.
Мектепте материалдық-техникалық базасына тоқталар болсам мектептің кіре беріс фоесіне 2 турникет және дабыл түймесі қойылды. 2 химия кабинет, 1 өзін-өзі тану кабинеті, 1 физика кабинет, 1 биология кабинеті, 1 информатика кабинеті, 1 мультимедиялы оқу кабинет, сонымен бірге 1 мәжіліс залы, 1 спорт зал, 1 футбол алаңы, 1 баскетбол алаңы және 2 буфет білім алушылар үшін жабдықталған. Биылғы оқу жылында жаңа химия кабинетімен 30.09.2021 күні «Айсана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жабдықтады. Өзін-өзі тану кабинетімен 14 сәуір 2022 күні «QADAMKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жабдықтады. Мектебімізге жаңа бейнекамералар орнатылды. Мектептің 2021-2022 оқу жылында атқарылған шаруашылық жұмыстарының барысында мектепке қарастырылған және бөлінген қаржының жұмсалғандығы бойынша есеп берді.
Биығы жылы мектебімізде 109 педагог жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде педагог модератор- 6, педагог сарапшы- 26, педагог зерттеуші-47, жоғары санатты-5, бірінші санатты-5, екінші санатты-6 педагог жұмыс жасауды. Мұғалімдеріміз жыл сайынғы пәндік, жаңартылған курстардан өтіп, білімдерін жетілдіріп отыр.
Міндетті білім беру қорынан «Мектепке жол» акциясы аясында 321оқушыға 30000 теңге көлемінде қаржы берілді. 652 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 398 оқушы бастауыш сынып оқушылары болса, 252 оқушы 5-11 сынып оқушыларын қамтыған. Жазғы лагерьлерге демалуға аз қамтылған отбасынан шыққан 62 оқушыға қала сыртындағы Ақсу, Ерке, Арман, Үшбұлақ лагерьлеріне демалуға жолдама беріледі.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп спорт залында қол добы, футбол, волейбол, шахмат, теннис спорттық үйірмелер ұйымдастырылып, кесте бойынша өткізілді.
Кәмелетке толмаған істері жөніндегі бөлімде есепте тұратын оқушылар жоқ.
Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз ұсыныстарын айта келе, мектеп директоры К.С.Ахметованың жылдық есебіне өз ойларын айтып, қанағаттанарлық деп есептеді.
Шешімі:
Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылына берілген жылдық есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.
Мектептегі материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында 2022 жылға жоспарланған қаражаты игеріліп, тиімді жұмсалуы басшылыққа алынсын.
ҚК төрайымы Матжанова А.
Хатшы Омарова Ж.