Қамқоршылық кеңес Хаттама № 1
Шымкент қаласы білім басқармасының «В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная средняя школа № 93 имени В.Терешковой» управления образования города Шымкент |
Хаттама № 1
2022 жылғы 07 қыркүйек
Шымкент қаласы
Қатысқандар :
Мектеп директоры Д.А.АширбековаҚамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Матжанова
Қамқоршылық кеңестің мүшелері Д. Акаева, Р. Сатыбалдиева,
Н. Айнабекова, А. Алабина, Е. Барабаш, А.Махашева.
Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңесінің нормативтік құжаттарымен танысу.
2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру, бекітуге ұсыну
3. 2021-2022 оқу жылының негізгі қорытындылары
4. «Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көп балалы отбасыларына көмек көрсету.
5. Материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларына көмек көрсету.
6. Ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімін талқылап бекіту.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы А.Матжанова сөз алып, қамқоршылық кеңесінің құжаттарымен, 2022-2023 оқу жылының жоспарларымен таныстырып өтті. Былтырғы оқу жылындағы жасалған жұмыстарды да айтып өтті.
Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көп балалы отбасыларына көмек көрсету мәселесі бойынша таныстырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1005 қаулысын орындау мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қаржылай көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін 2022 жылдың тамыз айында Республикалық бюджеттен 410 оқушы 35 000 (отыз бес мың) теңге көлемінде көмек берілді. Бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді деп көрсетілген. Бір балаға (базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшері үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі) -37839 (отыз жеті мың сегіз жүз отыз тоғыз) теңге болуына байланысты 410 оқушыға 2389 (екі мың үш жүз сексен тоғыз) теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Көмек берілген оқушылардың тізімімен, құжаттарымен танысты.
Келесі мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшесі Р.Сатыбалдиева материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау үшін әлеуметтік педагогпен бірлесе жұмыс жасау қажет екенін айтты. Жыл басындағы әлеуметтік картаны анықтау барысында мұқтаж отбасыларды анықтау қажеттігін, аз қамтылған, көп балалы отбасыларына көмек көрсету үшін түрлі шаралар ұйымдастыру керек екенін айтты.
«Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі Н.Айнабекова сөз алып білім алушылардың жекелеген санаттарына сәйкес жаз айларында 55 оқушының қала сыртындағы жазғы лагерлерге барып демалып келгендігін айтып өтті.
Келесі мәселе ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімін талқылап бекіту бойынша таныстырып өтті.
Шымкент қаласы әкімдігінің 02.12.2021 жылғы №1524 қаулысына сәйкес, Шымкен қаласы білім басқармасының 31.08.2022 жылғы №10-11-08/5703 санды хаты негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер ендіру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 «Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар мен әлеуметтік қорғансыз қалған оқушыларға бөлінген қаржы шығысынан қаржылай және материалдық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысын орындау негізінде, ыстық тамақ ұйымдастыруға 01.09.2022-30.12.2022 оқу жыл аралығында мектептегі 1- 4 сынып аралығында 385 оқушыға күндігіне тамақ құны 484,10 теңгеден бөлінгенін, жалпы 5 күндікпен 385 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігінін, 5- 11 сынып аралығында 267 оқушыға күндігіне тамақ құны 484,10 теңгеден бөлінгенін, жалпы 5 күндікпен 267 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігінін айтып өтті. Мектептегі ыстық тамақ ішетін оқушылардың жалпы саны- 652 оқушы болып есептелді. Мектеп асханасындағы ыстық тамақтың сапасын қадағалап отыру үшін келіп көріп отыруға өзара келісті.
Қаулы:
- Дайындалған жоспарды бекіту қамқоршылық хатшысы Ж.Омароваға тапсырылсын.
- Аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балаларына көмек көрсетілсін.
- «Міндетті білім қорынан» бөлінген қаржыға 01.09.2022-30.12.2022 оқу жылы аралығында 652 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілсін.
ҚК төрайымы Матжанова А.
Хатшы Омарова Ж.