07
декабрь
2022
TED-х
«TED» деген не?
«TED» сөзі ағылшын тілінен алынған. Ол T – Технология, E – Ойын-сауық, D – Дизайн деген мағынаны береді. Ең алғашқы TED конференциясы 1984 жылы Калифорнияда өткен. Соның негізінде жыл сайын идеяларды тарату мақсатында TED қоры құрылған. Бұл идеяны бастаған – Ричард Сол Вармен. Жобаның міндеті – қоғамда өзіндік идеясы бар шығармашыл адамдарды бір алаңға жинап, олардың ғылыми пікірін ортаға салу. Жобаның басты ерекшелігі – сахнадағы конференция спикері 20 минутқа жуық уақыт ішінде өзінің идеясын жеткізуі керек. Ойын құр сөзбен емес, басынан өткен қызықты оқиғасымен байланыстырып, көрерменге эмоция сыйлауы шарт. Осылайша спикердің айтылған ойы адамдардың есінде оңай сақталады. TED жобасының ішінде бөлек тақырыпшалар сияқты жобалар да бар. Мысалы, TED-кітап, TED-аудармашылар, TED-үміткерлер және TED-жүлде.
TED пен TEDx-тің айырмашылығы
TED – қор, негізгі жобаның атауы, ал TEDx – осы жобаны өз елдерінде өткізіп келе жатқан конференцияның бір форматы. Қарапайым тілмен айтқанда, жобаның филиалы іспетті. Бұл – ғылымды насихаттауға арналған ғылыми конференция. Кез келген адам TEDx ұйымдастыра алады. Ол үшін ғаламдық ұйымнан лицензия алуы керек. Кейін ұйымдастырушы өңіріндегі қарапайым өзіндік ойы, идеясы бар адамдарды бір ортаға жинап, өткізеді.
Қазақстанда TEDx жобасы бар ма?
Бұл жоба Қазақстанда да бар. TEDх Almaty, TEDх Astana, TEDх OrdabasySquare және т.б. TEDх Almaty – Қазақстандағы ең бірінші болып 2010 жылы құрылған жоба. Жыл сайын күзде өткізіп тұрады. 2012 жылдан бастап TED пен WikiBilim қоғамдық қоры TED Talks жобасын қазақ тілі мен орыс тілдеріне аударуды қолға алды.
Жоба бізге не береді?
Жоғарыда жазып өткенім-дей, жобаға тың идеясы бар адам қатыса алады. Жоба бізге басқаша ойлауға мүмкіндік береді. Ойымызды өзгертеді. Мысалы, менің алгебраға деген қызығушылығымның артуы соның дәлелі. Одан бөлек TED Talks жобасына әлемдегі ең ақылды және әйгілі адамдар дәрістер оқиды. Жетістікке жеткен адамдар өмір жолын, басынан өткен қиындығын айтады. Оны естіп, көріп отырған адам мотивация алады. Ол адамның жасаған қателіктерін жасамауға тырысады. Осылайша адам бір ғана адамның ойы арқылы сол адамның қателіктерін жібермеуге тырысады. Мақсатқа жетуге бір қадам жасайды.