Қамқоршылық кеңес Хаттама № 2
Шымкент қаласы білім басқармасының «В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная средняя школа № 93 имени В.Терешковой» управления образования города Шымкент |
__________________________________________________________________
Хаттама №2
2022 жылғы 26 желтоқсан
Шымкент қаласы
Қатысқандар :
Мектеп директоры Д. А.Аширбекова
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Матжанова
Қамқоршылық кеңестің мүшелері Д. Акаева, Р. Сатыбалдиева,
Н. Айнабекова, О.Жумабаев , Е. Барабаш, А.Махашева.
Күн тәртібінде:
2022-2023 оқу жылының І жарты жылында атқарылған жұмыстар бойынша мектеп директорының есебі.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа жылдық шыршаға алып бару және мерекелік сыйлықтар ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушыларға қайрымдылық іс-шарасын ұйымдастыру.
Мектептің материалдық базасын жақсарту үшін 2023 жылғы жоспарлармен таныстырды.
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Аширбекова Дана Артаевна сөз алып, 2022-2023 оқу жылының I жарты жылдық есебіне талдау жасады.
Мектебімізде жалпы оқушы саны-971 және мектеп алды даярлық тобында -52 оқушы білім алуда. I ауысымда- 448 оқушы, II ауысымда- 523 оқушы оқиды.
Қамқорлықта -3, үйде оқылатын оқушы саны-9, жартылай жетім-30, көп балалы отбасы-88, аз қамтылған отбасы -310 санын құрап тұр.
Жазғы кезеңдерде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын қамтылуын ұйымдастыру мақсатында, қалалық білім басқармасының жазғы сауықтыру мекемелеріне берілетін жолдама санын жолдау хатына сәйкес, мектебіміздің әлеуметтік мәртебеге ие аз қамтамасыз етілген 62 оқушысы жазғы сауықтыру лагерімен қамтылды. Берілген жолдамалар санына сәйкес оқушылар «Ақсу» лагеріне, «Үшбұлақ» лагеріне және «Арман» лагеріне демалып қайтты.
Биылғы жылы 652 оқушы ыстық тамақпен қатамасыз етілуде.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында материалдық көмекке мұқтаж, әлеуметтік қорғалмаған балаларға әлеуметтік көмек, қолдау көрсету мақсатында «Міндетті білім қорынан» оқушыларға қаржылай көмек берілді.
2022-2023 оқу жылында «Міндетті білім қоры» есебінен 410 оқушыға 37839 (отыз жеті мың сегіз жүз отыз тоғыз) теңгеден бөлінді.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып 15 оқушыға жылы киімдер әперілді.
«Детям Каzfrhstan» қоғамдық қорының жобасына қатысқан екі оқушы 10 А сыныбының оқушысы-Темірхан Нұрсұлтан,
11 Ә сыныбының оқушысы- Айнабекова Аяулым тегін курс оқып жатыр.
Қамқоршылар күні 9 А сынып оқушысы -Буранов Ельбек Атхамұлы қыстық киім алды.
Биылғы жылы Президенттік шыршаға екі оқушы -7 А сыныбының оқушысы Жауынбай Шапағат Берікбайқызы, 3 Д сыныбының оқушысы Буранова Малика ұсынылды. Балалар шыршаға қатысып, өз сыйлықтарын алды.
Мектебіміздің материалдық базасына тоқталар болсақ, жеке қазандыққа құжаттар тураланып жатыр. 2023 жылға күрделі жөндеу жұмысына (ПСД) ЖСҚ жасалып, қаржысы порталға қойылды. 2023 жылы Б блокта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2022 жылғы қыркүйек айында сынып бөлмелеріне 110 дана диодовая лампалар қойылып, жарықтандыру іске асылды.
Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз ұсыныстарын айта келе, мектеп директоры Д.А.Аширбекованың жартыжылдық есебіне өз ойларын айтып, қанағаттанарлық деп есептеп, келесі оқу жылына сәттілік тіледі.
Шешімі:
- Мектеп директорының 2022-2023 оқу жылының I жарты жылдығында берілген жартыжылдық есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.
- Мектептегі материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында 2023 жылға жоспарланған қаражаты игеріліп, тиімді жұмсалуын басшылыққа алынсын.
ҚК төрайымы Матжанова А.
Хатшы Омарова Ж.