Шымкент қаласы білім басқармасының
«№№93 В.Терешкова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(7252) 54-70-57
(8771) 795-89-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының төрағасын сайлау.
14
март
2023

Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының төрағасын сайлау.

Шымкент қаласы  білім басқармасының
«В.Терешкова атындағы №93
жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Коммунальное государственное
учреждение
«Общеобразовательная средняя школа  №93 имени В.Терешковой»
управления образования города Шымкент
__________________________________________________________________
                                                                            
В.Терешкова атындағы №93 жалпы орта білім беретін мектебінде                  2023 жылдың 23 ақпаны күнгі Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысының
                                                          Хаттамасы
 23.02.2023 жыл
Шымкент қаласы
Қатысқандар : 
Қамқоршылық кеңес мүшелері:
1. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі – Барахова Жанат Джапаровна 
2.  Қамқоршылық кеңестің мүшесі- Ағабек Жандос Қабылмұратұлы
3.  Қамқоршылық кеңестің мүшесі- Исламова Калима Каскырбековна
4. Қамқоршылық кеңестің мүшесі- Ибашова Альмира Байдабекқызы
5. Қамқоршылық кеңестің мүшесі- Мырзахметов Базарбай Танирбергенович
6. Қамқоршылық кеңестің мүшесі-  Тилеукабылов Бакен Сейдикасымович
7. Қамқоршылық кеңестің мүшесі- Барабаш Валентина Александровна
Мектеп әкімшілігі: 
Мектеп директоры-   Д. А.Аширбекова
ҚК хатшысы- Ж.Т. Омарова 
Күн тәртібінде:
1. 2022-2023 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің жұмысын жалғастыру;
2. Қамқоршылық кеңесі төрағасын сайлау;
3. Қамқоршылық кеңесі жұмысын ұйымдастыру тәртібімен танысу.
Тыңдалды:        
Мектеп директоры Аширбекова Дана Артаевна сөз алып, Шымкент қаласы білім басқармасының 10.02.2023 жылғы №64 бұйрығына және Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының                 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің типтік ережесін бекіту туралы» 2017ж. 27 шілдедегі №355 бұйрығының 6-тармағына сәйкес бекітілген жаңа құрам мүшелері бекітілді.  Қамқоршылық кеңесі мүшелерімен танысып, кеңес мүшелерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібімен таныстырды. Кеңес мүшелерін мектептің тыныс –тіршілігімен таныстырды. Мектептің материалдық базасымен, қызметкерлер мен мұғалімдердің құрамымен биылғы оқу жылындағы жоспарлармен таныстырып өтті. 
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып ДТЖЖО  Ж.Т. Омарова тағайындалды. 
Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып,  Мырзахметов Базарбай Танирбергенович болып сайланды. 
Қамқоршылық кеңестің мүшелері мектептің тыныс –тіршілігімен таныса келе, өз ұсыныстарын білдірді. 
Ибашова Альмира Байдабекқызы мектеп оқушыларының білімін жетілдіру мақсатында университетпен байланыса жұмыс жасауға шақырды. Оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беру үшін кездесулер өткізсек деп өз ұсынысын білдірді. Тилеукабылов Бакен Сейдикасымович бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Мектеп жұмысының жанданып, көркеюіне тілек білдіріп, мектеп ұжымының жұмыстарына сәттілік тіледі. 
ШЕШІМІ:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып ашық дауыс беру арқылы, оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен Мырзахметов Базарбай Танирбергенович сайланды. 
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                     Мырзахметов Б.Т.
      Қамқоршылық кеңестің хатшы                     Омарова Ж.Т.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив